Жарияланды: 450

Қазақстан қор биржасындағы индекс 21 тамызда 2,9%-ға 2048,51 дейін төмендеді

Алматы. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялар саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2008 жылдың 21 тамызында 61,43 пунктке (2,9%) - 2109,94 -ден 2048,51 дейін төмендеді, деп хабарлайды агенттік.

Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 2075,49 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 2086,11, ең төменгі мәні - 2048,51 болды. Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 21 тамызда өткен күнмен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 16,5 есе өсіп, 266,9 млн теңге ($2225 мың ) құрады. Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады. Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды. Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандай да бір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть