Қазақстан қорғаныс министрлігі мен испандық дипломат КАDEX-2014-ке ASPA пилотаж тобының қатысуы мүмкіндігін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қорғаныс министрлігі мен испандық дипломат КАDEX-2014-ке ASPA пилотаж тобының қатысуы мүмкіндігін талқылады

Қазақстан қорғаныс министрлігі мен испандық дипломат КАDEX-2014-ке ASPA пилотаж тобының қатысуы мүмкіндігін талқылады

 Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров және республикадағы Испания елшісі Мануэль Ларротча Астанада сейсенбіде қазақстандық –испандық әскери техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 530
Фото - Caravan.kz

Тараптар сондай-ақ Қазақстанда өтуі көзделген КАDEX-2014 қару мен қару-жарақ көрмесіне испандық ASPA пилотаж тобының қатысуы мәселесін талқылады, делінген қорғаныс министрлігінен таралған хабарламада.

Кездесу нәтижелері бойынша әңгімелесушілер Қазақстан мен Испанияның қорғаныс ведомстволары арасында достық қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты, делінген хабарламада.