Қазақстан құрамасы Грузиямен өткен жолдастық матчта жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы Грузиямен өткен жолдастық матчта жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы Грузиямен өткен жолдастық матчта жеңіске жетті

Ресми матчтарда жеңілістен көз аша алмай жүрген Қазақстан құрамасы  Грузиямен өткен жолдастық матчта 1:0 есебімен жеңіске жетті.  «Астана-Аренада» өткен  бәсекедегі  жалғыз допты Сергей Хижниченко соқты.

  • 16 Тамыз 2013
  • 226
Фото - Caravan.kz

Жолдастық матч деген аты демесеңіз, сын көтермейтін ойын көрсетіп жүрген Қазақстан үшін бүгінгі жеңістің орны бөлек. Екіншіден Сергей Хижниченко соққан жалғыз гол да орындалуы жағынан әдемі шықты. Бірақ матчтың  статистикалық көрсеткіші көңілден шыға қойған жоқ. Мұнда барлық параметр бойынша Грузия құрамасы озып тұр.  Соған қарамастан қонақтардың алдын орап кеттік.  Мирослав Беранек пен оның командасынан осындай жеңістерді ресми матчтардан  күтетін боламыз.

 

 

Солтүстік Ирландия мен Ресей арасындағы  2014-жылғы әлем чемпионаты аясындағы бәсеке 22 наурыз күні өтуі тиіс еді. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілген матч кеше ойналды.

Бұл бәсекенің тағдырын кездесудің 43 минутында соғылған жалғыз доп шешіп берді. Бұл эпизодта оң қанаттан әуелей жеткен допқа бәрінен биік секірген  Мартин Патерсон көзге түсті. Егер бүгінгі ойын Ресейдің жеңісімен аяқталғанда, олар өз тобында бірінші орынға шығар еді. Әзірге бұл топта  алты матчтан кейін 14 ұпай жинаған Португалия құрамасы  көш бастап тұр. Олардан екі ұпайы кем Ресей екінші орынға жайғасса, алтыншы орындағы Солтүстік Ирландияның еншісінде алты ұпай бар.

 


 

 

Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп 14-ші әлем чемпионаты одан әрі жалғасуда. Бесінші жарыс күні  іріктеу сындарынан  басқа елу шақырымға жарысқан ерлер  спорттық жүрістен  чемпиондық атақты сарапқа салды.

Нағыз шыңдалған шеберлер ғана төтеп беретін  марафондық бәсекеде аустралиялық атлет Роберт Хеффернан топ жарды. Ол жарыс жолын 3 сағат 37 минутта 56 секундта жүріп өтті. Әлем чемпионына 1минут 2 секунд ұтылған ресейлік  Михайл Рыжов күміс медальды иемденсе, көкқұрлықтың тағы бір өкілі Джаред Таллент Мәскеу чемпионатының қола жүлдегері атанды. Артта қалған бес күннің нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте америкалық атлеттердің  айдарынан жел есіп тұр.Олардың еншісінде 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль.