Қазақстан құрамасы Канаданы ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы Канаданы ұтты

Қазақстан құрамасы Канаданы ұтты

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Канаданы ұтты. Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан қысқы Универсияда әзірге біздің хоккейшілер үшін жеңісті болып тұр. Топтық кезеңнің соңғы айналымында үйеңкі жаптырақылар 4:2 есебімен біздің командаға есе жіберді.

  • 17 Желтоқсан 2013
  • 195
Фото - Caravan.kz

Үш ойынның барылығында жеңіске жеткен құрамамыз “С” тобында бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Ал 20 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында өнер көрсеткен хоккейшілеріміз жоғарғы дивизионға шыға алмады. Соңғы кездесуде “Францияны” 4:2 есебімен ұтқанына қарамастан біздің жігіттер өз тобында тек екінші орын алды. Өткен кездесуде Италияға 3:4 есебімен жеңілген хоккейшілеріміз келесі жылы да “В” дивизионында өткізеді.

 

Бірнеше сағат бұрын Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі аяқталды. Соқыр жеребе каталондық “Барселона” мен “Манчестер Ситидің” жолын түйістірді.

Сондай-ақ плей-офф бәсекесінде грекияның “Олимпиакосы” “Манчестер Юнайтедпен” кездеседі. “Милан” “Атлетикомен”, ал “Байер” “ПСЖ”мен өзара жартылай финал жолдамасын сарапқа салмақ. Лондондық “Челси” түркиялық “Галатасараймен” ойнаса, “Шальке” мадридттық “Реалмен” шеберлік байқаспақ. Ресейдің “Зениті” дортмундттық “Боруссиямен” ал, чемпиондар лигасының жеңімпазы мюнхендік “Бавария” “Арсеналмен” өзара кім мықтыны анықтайды. Топтық кезеңнің алғашқы бәсекелері 18-19 шы ақпанда өтеді деп жоспарлануда.     

 

Футболдан Англия премьер-лигасының 16-шы турында күтпеген есептер аз болған жоқ. Мәселен “Тоттенхэм” өз алаңында “Ливерпульге” 5:0 есебімен ойсырай жеңілді.

Ал турнир кестесінде көш бастап тұрған “Арсенал” орталық матчта “Манчестер Ситиге” қонаққа барды. 14-ші минутта Серхио Агуеро “Ситиді” алға шығарды. Бірақ көп ұзамай Тео Уолкотт таразы басын теңестірген. Үзіліске дейін Альваро Негредо жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады. Екінші таймда Фернандинью есепті 3:1 ге жеткізді. Алайда өз мүмкіндігін құр жібермеген Уолкотт есеп айырмасын қысқартты. Қалған уақытта Давид Сильва, Фернандинью, Яя Туре “Арсенал” қақпасына бір-бір голдан тоғытты. Лондондықтар қосымша уақытта тек Пер Мертезакердің голымен жауап қайтара алды. Қортынды есеп 6:3 “Манчестер Ситидің” пайдасында.   


            

Қазақстандық жас дзюдошылар Қытайда өткен Азия чемпионатынан олжалы оралды. Еліміздің жастар құрамасы жалпы саны 21 медаль еншіледі. Жас ерекшелігіне қарай екіге бөлінген палуандар құрлықтық бәсекенің бас жүлдесін сарапқа салған.

Қытайдың Хайнан қаласында белдескен жасөспірімдер қоржынға 9 медаль басты. 50 келіде Мағжан Шәмшидин мен қыздар арасында 40 келіде белдескен Гүлдана Мұрат тұғыр төріне көтерілді. Командалық есепте алдына тек Қытай мен Оңтүстік Кореяны жіберген біздің палуандар үшінші орынға тұрақтады. Ал 23 жасқа дейінгі дзюдошылар арасында біздің команда 1 алтын, 3 күміс және 7 қоламен командалық есепте 4-ші нәтиже көрсетті. Құрлықтық чемпионатқа 21 елдің жас дзюдошылары қатысқан болатын.