Қазақстан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан   Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір - үкімет басшысы

Қазақстан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір - үкімет басшысы

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсауға әзір. Бұл туралы ҚР премьер-министрі К.Мәсімов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ж.Сааданбековпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі үкіметттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 350
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективаларын талқылады.

Премьер-министр Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің мерзімі аяқталуына байланысты Ж. Сааданбековке Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Ж. Сааданбеков екіжақты қарым-қатынастарды дамыту ісіндегі көмегі және ынтымақтастығы үшін республика үкіметіне алғыс айтты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті