Қазақстан Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетеді

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің Қырғыз Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы

  • 25 Маусым 2015
  • 542
Фото - Caravan.kz

Әбибиллә Құдайбердиевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

«Тәуелсіздік алғаннан бастап еліміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып келеді. Еліміздің арасында өзара іс-қимылдың қамтылмаған салалары қалған жоқ, соның айғағы ретінде саяси, экономикалық, мәдени және әскери салалардағы белсенді сұхбаттар болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басым мән береді. Осыны негізге ала отырып, Ауғанстандағы және іргелес орналасқан аумақтардың жауынгерлік іс-қимылдарға негізделген шетел мемлекеттерінің жауынгерлік даярлық тәжірибесін зерделей отырып, өзіміздің қарулы күштерімізді нығайтуға барынша күш-жігер салып жатырмыз», — деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Министр әріптесіне екіжақты немесе ортаазиялық бірлескен оқу-жаттығуларды түрлі сценарилер бойынша өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Сонымен қатар біздің Қарулы Күштердің жедел үйлесімділігін арттыратын таулы-орманды жерлерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу мүмкіндіктерін, заңсыз қаруланған құралымдармен күресу түрлері мен әдістерін зерделей отырып, жауынгерлік даярлық аясында тәжірибе алмасу мақсатында біздің сарапшылардың кездесуін өткізуді ұсынамын. Қырғызстанның аумағының 95% таулы жер құрайды және сәйкесінше бұл мәселеде тәжірибелеріңіз мол. Қазақстандағы таулы аумақ 10% ғана, бірақ соның өзінде жауынгерлік іс-қимылдар өтетін мемлекеттердің аумағымен іргелес. Сондықтан тәжірибені зерделеу және біздің бөлімшелерді дайындау біз үшін өте маңызды. Таулы-орманды жерлерде жауынгерлік даярлық аясында тәжірибе алмасу өте маңызды», — деп атап өтті И.Тасмағамбетов.


Одан басқа, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қазақстандағы жауынгерлік даярлық курстарында қырғыз әскери қызметшілерін даярлау мәселесі аяқталу кезеңінде тұрғанын хабарлады. Жылдың соңына дейін келісімшартқа бас штаб бастықтарының орынбасарлары деңгейінде қол қойылады және 2016 жылдан бастап Қазақстанда қырғыз әскери қызметшілерін дайындау басталады.

Сөз соңында қорғаныс ведомстволарының басшылары Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Қырғыз Республикасының 64 әскери қызметшісі дайындықтан өтіп жатқанын атап өткен жөн. Оның 2-уі офицер-тыңдаушы және 62-сі курсант. 1998 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында барлығы Қырғыз Республикасы Қарулы күштерінің 186 әскери қызметшісі білім алды. Олардың 29-ы офицер-тыңдаушы, 157-сі курсанттар.
null
null
null
null