Қазақстан Қырғызстанмен арада шекарада үш жаңа шекаралық застава ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстанмен арада шекарада үш жаңа шекаралық застава ашты

Қазақстан Қырғызстанмен арада шекарада үш жаңа шекаралық застава ашты

Жамбыл облысында Қырғызстанмен арада мемлекеттік шекарада "Оңтүстік" аймақтық басқармасының Қордай шекаралық отрядының құрамында үш жаңа шекаралық застава -"Сортөбе", "Өтеген" және "Қасық" салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.

  • 23 Желтоқсан 2013
  • 388
Фото - Caravan.kz

"ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев "Сортөбе" заставасын аша отырып, бөлімшенің бастығына символды кілтті табыс етті. Ол атап өткендей, мемлекеттік шекараны жайластыру жөніндегі мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жүзеге асыруда кезекті қадам жасалды, тек 2013 жылы ғана заманауи талапқа сай 20 шекаралық застава пайдалануға берілген.

Оның қолынан жаңа заставаның шекарашылары пәтерлердің кілтін алды. Сенат депутаттары, Жамбыл облысының әкімі, басқа да шақырылған тұлғалар шекаралық қалашақтың инфрақұрылымымен, жаңа автомобиль және арнайы техникамен танысты, делінген онда.