Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды - С.Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды - С.Мыңбаев

Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды - С.Мыңбаев

Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды.  

  • 9 Ақпан 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.

«Қытай мұнай бағасының төмендеуінен ұтысқа шығып отырған ел. Өйткені, ҚХР мұнайды нетто-экспорттаушы болып табылады. Қытайға қазақстандық мұнайды жеткізу көлемі бойынша әзірше, айтарлықтай өзгерістер жоқ. Мен бұл ретте бағаның өзгеруіне қатысты айтып отырмын. Бүгінде бұл көлем жылына шамамен 5 млн. тоннаны құрайды. Иә, біз 7 млн. тонна ресейлік мұнайды да тасымалдап отырмыз. Осылайша қытай тарабы жылына шамамен 12 млн. тонна мұнай алады», — деді С.Мыңбаев.