Қазақстан Ресей мен Белоруссияға жыл соңына дейін ЖЖМ экспортына тыйым салуға кеңес берді
Қазақстан ЖЖМ экспортына тыйымның мерзімін 2011 жылдың соңына дейін ұзартқанына байланысты Кеден одағына қатысушы басқа елдер – Ресей мен Белоруссияға осындай шара қабылдауға кеңес береді, делінген жұма күні ресми баспасөзде жарияланған ҚР үкіметінің қаулысында. |
«2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шарарарды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:арнайы бензиндерден және тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді және газойлдарды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін».
Қаулы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Бұрын хабарланғандай, бұл шара егін орағы кезінде ішкі нарықта мұнай өнімдерінің жетіспеушілігін болдырмау, дизель отынымен қамтамасыз ету және Павлодар МӨЗ-інің жоспарлы жөндеуге жабылауына байланысты қабылданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін