«Қазақстан Ресейден түбегейлі алыстады»: Қазақстан жайлы ресейлік басылымдар не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Ресейден түбегейлі алыстады»: Қазақстан жайлы ресейлік басылымдар не жазуда?

«Қазақстан Ресейден түбегейлі алыстады»: Қазақстан жайлы ресейлік басылымдар не жазуда?

Ресей басылымдары Қазақстан туралы не жазуда?

  • 19 Қараша 2018
  • 342
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы орыс басылымдарына шолу жасап көрді.

Қазақстан Ресейден алыстап бара ма?

Ресеймен одақтастың бірі Қазақстан бізден алыстап барады.

Бұл туралы Mirnov.ru басылымы жазды.

Қазақстан бізден алыстап, Америка Құрама Штаттарына оның ішінде ғарыш және әскери салаларға жақындай түсуде.

Өткен аптада Астанадан ресейліктер үшін жағымсыз хабар келді. Қазақстандық екі спутник ресейлік «Протон» серігі арқылы емес, америкалық «Falcon 9» ғарыш аппараты арқылы іске қосылады.

Бұл — нарық. Арзан, өзімізге лайықты зымыран іздедік. Кейін "Falcon 9" зымыраны, SpaceX компаниясын таңдадық. Алдын ала дайындығы, сақтандыруы бар, 1 миллион 300 мың — 1 миллион 400 мың долларға түсті. Бұл өте арзан баға деуге болады. Себебі, бірден екі жер серігін ұшырамыз. Бір зымыранмен бір жер серігін ұшыру 10-30 миллион долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Ал біз спутникті басқа елдердің жер серіктерімен бірге ұшырайын деп отырмыз, — дейді министр Атамқұлов.

Онсыз да Ресейдің қиын жағдайында Қазақстанның бұл істегендері істері ұят тірлік секілді.

Қазақстандық серіктестеріміз ресейлік спутниктен бас тартуының басты себебін айтпай отыр.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШҰ) мүше болуына қарамастан, Қазақстан Америка мен НАТО-мен әскери ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. Жақында Қазақстан инженерлік әскерлерінің офицерлері АҚШ-қа барып, Пентагон инженерлік-техникалық мамандарын даярлау орталықтарын аралады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар «американдық мамандардың қатысуымен жарылғыш заттарды жою және жою саласындағы инструкторларға арналған курстар» ұйымдастыруға келісті.

Қазақстан офицерлерін бізге емес, неге АҚШ еліне жіберуде?

Тағы бір жайт. Өткен жылдың жазында Алматы облысындағы «Іле» оқу полигонында «Дала қыраны — 2017» бітімгершілік жаттығулары өтті. Жаттығуға АҚШ пен НАТО-ға қарасты бірнеше елдер шақырылды. Бірақ орыс әскерлері жаттығуға шақырылмады.

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын нашарлап кеткенін ойлай келе, Кремль мен сыртқы министрдің орнын ауыстыруға уақыт келген секілді.


Қазақстан чемпионатындағы ең үздік шабуылшы карьерасын аяқтады

“Тобыл” футбол клубының жартылай қорғаушысы Нұрбол Жұмасқалиев өз карьерасын аяқтады.

Бұл туралы Матч тв хабарлайды.

Осы уақытқа дейін 160 гол салып, Қазақстан чемпионатында рекорд орнатқа 37 жастағы Нұрбол карьерасын тәмамдады.

Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан чемпионаттарында 500 ойын өткізген алғашқы футболшы болып та көпшіліктің есінде қалды.

Аштық кезінде көп қиындық көрген қазақ елі

Қазақстанда автобустардың соғықтығысы жиілеп кеткен

Қазақстанның Қызылорда облысындағы екі автобустың соқтығысуы нәтижесінде үш адам қаза болды, деп хабарлады ТАСС басылымы.

Екі автобуста 86 адам болған. Оқиға орнында 54 адам ауруханаға жеткізілді, тағы 30 жолаушы алғашқы көмек алды.

«Оқиға орнында екі адам қайтыс болды, ал бір бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ақмарал Алназарова.

«Қазалы-Қызылорда» және «Қызылорда-Кармақшы» бағдары бойынша жүріп бара жатқан екі автобус Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта соқтығысқан.

Қазақстандағы автобустардың соқтығысынан екі адам қаза тапты деп хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар