"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы болып Дәурен Әбдіхамитов тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы болып Дәурен Әбдіхамитов тағайындалды

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы болып Дәурен Әбдіхамитов тағайындалды

Астана. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы болып Дәурен Әбдіхамитов тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Қазақстан" телеарнасынан хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 1246
Фото - Caravan.kz

Бұрын «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы қызметін 2006 жылдың сәуірінде мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың бұйрығымен телерадиокампанияның басшысы лауазымына тағайындалған Нұртілеу Иманғалиұлы атқарған болатын.

Д.Әбдіхамитов жаңа тағайындауға дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Телеарнаның ақпараттарына сүйенсек, бұрынғы басшы Нұртілеу Иманғалиұлы қазіргі уақытта жаңа тағайындауды күтуде. «Оның лауазымы Жаңа жылдан кейін белгілі болады»,- деп нақтылап өтті телеарнадағылар.