Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 29- қазанда Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 29 пленарлық отырысының қарсаңында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин ТМД ПАА-ның бас хатшысы Михаил Кротовпен кездесті.
М.Кротов өз сөзінде парламентаралық форумның алдында ТМД ПАА-ның қызметіне қатысты бірқатар мәселелері бойынша қазақстандық тараптың қолдауына ие болуды қалайтынын жеткізді. Атап айтқанда, Парламентаралық Ассамблеяның бас хатшысы Қазақстан парламентшілері ТМД ПАА-ның әр түрлі делегацияларына жетекшілік жасап, Еуропа мен Американың парламенттік форумдарында Ассамблея атынан сөз сөйлеуі туралы ұсыныс білдірді.
Сонымен қатар ТМД ПАА-ның жетекшісіне Халықаралық Демократия Мониторингі Институтының (ХДМИ) филиалдар жүйесін ұлғайта түсу үшін Қазақстан жағының қолдауы қажет. М.Кротов мырза, әсіресе, ХДМИ-дің Орталық Азиядағы орталығының ролін арттыруда Қазақстанның ықпалы зор болатынын айтты.
Парламент мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин: «Біз сіздің барлық ұсыныстарыңызды сарапқа саламыз және біздің елдің заңдарын жақындата түсу үшін қажетті жағдайды жасаймыз»,- деді.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, ТМД ПАА-ның қызметі кезінде 250 заңнамалық акті бірізділікке түсірілген. Ол құжаттар Достастық елдерінің экономикасын жақындастырып, бірізділікке алып келді. Әсіресе, оның ішінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ЕурАзЭҚ қызметін жандандыра түсуге қатысты заңдардың басым екені айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті