Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Тамыз 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Бүгін, 1 тамызда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы президенттің жарлығы жария етілді»,- деді ОСК төрағасы.

Жарлықта атап көрсетілгеніндей, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2 -тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2002 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалсын деп қаулы етілген.

«Қазақстан Республикасының үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын»,- делінген жарлықта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті