«Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауын өткізуге 2008 жылы «Мемлекеттік бюджет туралы» заңда 134 млн 963 мың теңге қарастырылған», -делінген ОСК таратқан баспасөз баянында.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың брифингте берген түсініктемесіне сәйкес, «сайлау заңнамасына сәйкес, парламент сенатының депутаттығынан үміткерге сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізу мен көлік шығындарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді».
Сонымен бірге, «әрбір үміткер жалпы қаржы көлемі 8 млн 417 мың 500 теңгені құрайтын сайлау қорын құра алады». «Үміткерлер үшін сайлау жарнамасы 180 мың 375 теңгені құрайды», — деді Қ.Тұрғанқұлов.
«Сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты мәселелер бойынша Қаржы министрлігі мен қазынашылық мекеменің шұғыл әрекет етуі қажет», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті