Жарияланды: 350

Қазақстан Республикасы президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Өкім мәтінінде атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясы 2008 жылғы 23 қазанда Астана қаласында мынадай күн тәртібімен шақырылсын: "Елдің қуаты - халықтың бірлігінде". Қазақстан халқы Ассамблеясының он төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдасын, делінген құжатта. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін