Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеген 10 жыл ішінде "Karachaganak Petroleum Operating" (KPO) әкелген кіріс көлемі 4 млрд АҚШ долларын құрайды - "ҚазМұнайГаз" президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеген 10 жыл ішінде "Karachaganak Petroleum Operating" (KPO) әкелген кіріс көлемі 4 млрд АҚШ долларын құрайды - "ҚазМұнайГаз" президенті

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеген 10 жыл ішінде "Karachaganak Petroleum Operating" (KPO) әкелген кіріс көлемі 4 млрд АҚШ долларын құрайды - "ҚазМұнайГаз" президенті

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарашығанақ жобасынан Қазақстан бюджетіне түскен кірістің жалпы көлемі оның жүзеге асуынан бастап 2007 жылдың соңына дейінгі кезеңде 4 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы кеше парламент мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің көшпелі отырысындағы депутаттар алдында есеп берген "ҚазМұнайГаз" АҚ президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

  • 12 Қазан 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Егер 1998 жылы мемлекет бюджетіне Қарашығанақ жобасынан 11 млн доллар түсіп отырса, 2006 жылы 1 млрд АҚШ долларынан артық қаржы түсті», — деп атап өтті ол. «2007 жылдың қорытындысы бойынша, жобаның іске асатын уақытта 4 млрд АҚШ долларынан артық қаржы жиналады деп күтілуде», — деді Ұ. Қарабалин.

«ҚазМұнайГаз» АҚ президенті Қарашығанақ жобасы бойынша, 2005 жылдан бері мұнай өндіру көлемі жылына 10 млн тоннадан, газ өндіру 11 млрд текше метрден асып отырғанын еске салып өтті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Karachaganak Petroleum Operating» (KPO) әрбіреуінің үлесі 32,5 % болып табылатын BG, ENI, сондай-ақ, «Chevron» — 20% және «ЛУКОЙЛ»- 15% компанияларының бірлескен кәсіпорыны болып табылады. КРО дүниежүзіндегі ең ірі мұнайлы-газды-конденсатты кеніштердің бірі — Қарашығанақ кенішін игеру және дамыту жұмыстарын басқарады. Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кенішінің қоры 1,2 млрд. тонна мұнай мен конденсат және 1,35 трлн. текше метр газдан тұрады.

«Karachaganak Petroleum Operating» (KPO) өндірістік объектілерінің қатарына Қарашығанақ өңдеу кешені (КПК), газ бен сұйық көмірсутегінің сепарациясын құру және газды кері пластқа айдау (УКПГ-2), сондай-ақ, 635 шақырымдық Қарашығанақ өнімінің Каспий құбыры консорциумының жүйесі арқылы әлемдік нарыққа шығуға мүмкіншілік беретін Қарашығанақ — Үлкен Шаған — Атырау экспорттық құбыры кіреді.

«Karachaganak Petroleum Operating» (KPO) өз қызметін халықаралық консорциумдағы серіктестердің Қазақстан Республикасының үкіметімен 1997 жылдың қарашасында қол қойылған Өнімді бөлісу туралы соңғы келісімге сай іске асырады. Келісім талаптарына сәйкес, «Karachaganak Petroleum Operating» (KPO) Қарашығанақ жобасын 2038 жылға дейін басқарады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті