Қазақстан Республикасының бюджеті ірі компаниялар тарапынан трансферттік баға түзу арқылы салықтан жалтару схемасын пайдалану салдарынан шығынға ұшырауда - О. Өксікбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының бюджеті ірі компаниялар тарапынан трансферттік баға түзу арқылы салықтан жалтару схемасын пайдалану салдарынан шығынға ұшырауда - О. Өксікбаев

Қазақстан Республикасының бюджеті ірі компаниялар тарапынан трансферттік баға түзу арқылы салықтан жалтару схемасын пайдалану салдарынан шығынға ұшырауда - О. Өксікбаев

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін". - Қазақстан Республикасының бюджеті ірі компаниялар тарапынан трансферттік баға түзу арқылы салықтан жалтару схемасын пайдалану салдарынан шығынға ұшырауда. Бұл туралы бүгін "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудағы құқық қолдану тәжірибесінің көкейкесті мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Шiлде 2008
  • 967
Фото - Caravan.kz

«Бюджет кейбір ірі компаниялар тарапынан трансферттік баға түзу арқылы салықтан жалтару схемасын пайдалану салдарынан ауқымды шығынға ұшырауда», — деді О. Өксікбаев.

Мысал ретінде ол «Миттал Стилл Теміртау» компаниясын атады, «бұл компания өзінің еншілес компаниясы арқылы металлды жеңілдетілген салық салу режимімен сатуда, бұл оған Қазақстан заңнамасына сәйкес салықтан жалтарып кетуге мүмкіндік беруде».

«Бүгінгі жағдаймен салық жүктемесінің коэффициенті небәрі 2,3% құрайды, ал оны компания тапқан пайдамен салыстыруға келмейді», — деді ол.

Есеп комитетінің бастығы «Қазақстанның салық органдары мемлекеттің мүддесін сот арқылы қорғап қалуға талпыныстар жасап жатқанын» еске салды.

Жалпы алғанда, Есеп комитеті жүргізген талдау қорытындысы көрсеткендей, «егер жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобалардағы мемлекеттердің әлемдік орташа үлесі 70% болса, Қазақстанда ол 25%-дан аспайды, ал еліміздегі экспорттық баж салығының мөлшері көршілес Ресейдегіден үш есе аз. Оның үстіне оны Теңізшевройл сияқты ірі жер қойнауын пайдаланушылар төлемейді».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті