Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы АҚШ елшісі Ричард Хоугландпен кездесті
Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев бүгін Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың жаңа елшісі Ричард Хоугландпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Әңгімелесушілер екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және алдағы уақытта оны нығайтудың перспективасын талқылады. Кездесуде Қазақстан мен АҚШ-тың ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестігі өзара мүдделестіктің және қауіпсіздік, экономика, энергетика мен демократиялық құндылықтарды алға жылжыту салаларындағы көптеген жылдар бойғы табысты ынтымақтастықтың берік іргетасына негізделетіні аталып өтілді.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың таяудағы Қазақстанға сапары және оның Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздері екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дәйекті дамитынының айғағына айналды. Сапарының қорытындысы бойынша К.Райс: "Қазақстан - осы өңірдегі өте маңызды мемлекет. Мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігі де Қазақстанмен жақсы әрі берік қарым-қатынастарды ұстанады деп сенемін", деп мәлімдеді.
"Мен біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік бұдан әрі де кеңейіп және дами түсетініне сенімдімін, және де бұл үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға ниеттімін. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласы мен басқа да салаларда АҚШ-тың және өзге де елдердің ерекше маңызды әрі ауқымды әріптесі болып табылады, және де біз одан әрі де тығыз ынтымақтастыққа ниет білдіреміз", - деп мәлімдеді кездесуде Р.Хоугланд.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін