Жарияланды: 370

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы АҚШ елшісін қабылдады

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвейді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы қазақстан-американ стратегиялық әріптестігін нығайту мен дамытуға қосқан үлесі үшін Джон Ордвейге алғыс айтты. "Мен үшін Қазақстан сияқты керемет елді өз елімнің атынан өкілдік ету үлкен мәртебе. Соңғы жылдары халықтың, Президенттің күш-жігерінің арқасында, және де біздің әріптестігіміздің нәтижесінде Қазақстанда айтарлықтай өзгерістер жүзеге асырылды. Біздің екі ел әрдайым әріптес болып келді, әрқашан да жоғарғы деңгейдегі, елшілер мен халық арасындағы жақсы үнқатысу үлгісін ұстанып келеді. Біздің стратегиялық әріптестігіміз жалғаса беретініне және одан әрі дами түсетініне сенімдімін", - деп атап өтті кездесуде Дж.Ордвей. Дж.Ордвей АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде төрт жыл қызмет атқарды. Осы уақыт барысында біздің елдеріміз арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық көлемі біршама артты, көптеген салалардағы байланыстар нығая түсті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін