«Тәуелсіздік жылдарында, таяудағы шын мәніндегі тарихи конституциялық реформаларды қоса алғанда, жүргізілген түбегейлі реформалардың арқасында бүгінде біздер жаңарған Қазақстанда — еркін ойлы адамдары бар еркін елде өмір сүрудеміз. Осы жоғары мәртебеге қазірдің өзінде қамтамасыз етілген тек заңнамалық база ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысы да сәйкес болуы тиіс. Адамдар өздерінің күнделікті өмірінде аса жиі кездесетін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, яғни билік өкілдерін өздерінің құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысы ретінде қарастыруы біздің елімізде қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде біздің баршамыздың алдына қойып отырған қатаң да әділ нұсқауы осындай», — деп атап өтті мемлекеттік хатшы кездесу барысында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңес барысында алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында құқық қорғау органдары қабылдауы тиіс шаралар, оларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті