Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі даму мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі, сондай-ақ, аймақтық сипаттағы кейбір экономикалық мәселелер талқыланған.
«Кәрім Мәсімов Қазақстан АҚШ-ның Орта Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде толық құрамды, ашық және сындарлы серіктестік сипатындағы ынтымақтастық қағидаларын ұстануын жалғастыратынын атап өтті», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Э. Файгенбаум Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты берік, жан-жақты қатынастар ретінде бағалады. «Біз көптеген мәселелер бойынша, атап айтқанда, қауіпсіздік, экономика, инвестиция және көптеген өзге де салалар бойынша ынтымақтастықтамыз», — деді ол.
«Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қатынастардың дами түскендігін атай отырып, мұның болашақта да дами беретіндігіне сенім білдірді», — деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті