Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қарағандыда болат радиаторлар өндірісі желісінің іске қосылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қарағандыда болат радиаторлар өндірісі желісінің іске қосылуына қатысты

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қарағандыда болат радиаторлар өндірісі желісінің іске қосылуына қатысты

Қарағанды. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағандыда "Сантехпром" ЖШС-де болат радиаторлар өндірісі желісінің іске қосылуына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Біздің зауытымыз ұсынып отырған өнім бәсекеге қабілетті. Қазақстан экономикасын халықаралық деңгейде танытуға лайықты", - деді Кәрім Мәсімов Италия технологиясы бойынша жасалған болат панельді жылыту радиаторлары желісінің іске қосу рәсіміне қатысуы кезінде.

  • 10 Қаңтар 2008
  • 641
Фото - Caravan.kz

«Сантехпром» ЖШС-нің директоры Владимир Крючковтың хабарлағанындай, кәсіпорын айына осындай 5 мың өнім шығаратын болады.

ЖШС ТМД аумағындағы аса ірі санитарлық-техникалық мақсаттағы өнім өндіруші зауыттардың бірі болып саналады. Кәсіпорын өнімдері Қазақстанның барлық аймағына және ТМД елдеріне тасымалданады. ЖШС-тің өндіріс көлемі 2007 жылы 700 млн теңгені, негізгі капиталға салынған инвестиция 215 млн теңгені құраған.

Бұрын хабарлағанымыздай, премьер-министр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келген. Бағдарламада Қарағанды, Теміртау мен Абайдағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандармен танысу көзделген. Кәрім Мәсімов «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның прокат цехының құрылыс алаңына баруы межеленген. Бұған қоса Кәрім Мәсімов «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында болып, жер астындағы өндірісті көреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті