Қазақстан Республикасының премьер-министрі ТМД мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының премьер-министрі ТМД мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысады

Қазақстан Республикасының премьер-министрі ТМД мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысады

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті 22 қарашада Ашхабадта өтетін мәжілісіне қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев дәстүрлі апталық брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың айтуынша, күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастықтың кең спекторын қамтитын 25 сұрақтар кірді.

«Мәжіліс барысында, азаматтық авиацияның дамуы және ұшу қауыпсіздігін көтеру іс-шаралары, автомобилдік қызметтер нарығының даму басым бағыттары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономика саласындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін дамуына және жақсартуына бағытталған маңызды іс-шараларды жүзеге асыру жоспарын орындау барысы туралы мәселелер, сондай-ақ ТМД-ның шеңберіндегі тағы басқа көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады»,- деді Е.Ашықбаев.

Кеңес барысында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, миграциялық үдерістерді реттеуге, кедендік рәсімдерді үйлестіруге, білім саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бір қатар келісімдерге қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті