Қазақстан Республикасының президенті мен АҚШ елшісі екіжақты қарым-қатынастардың жайы мен перспективасы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының президенті мен АҚШ елшісі екіжақты қарым-қатынастардың жайы мен перспективасы талқылады

Қазақстан Республикасының президенті мен АҚШ елшісі екіжақты қарым-қатынастардың жайы мен перспективасы талқылады

Астана. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей екіжақты қарым-қатынастардың жайы мен перспективасын талқылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Желтоқсан 2007
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Біз өтіп бара жатқан жыл ішіндегі екіжақты ынтымақтастықтың оң жетістіктері жөнінде және жаңа жылдағы өзара іс-қимылдың оңтайлы перспективалары туралы әңгімелестік»,- деп хабарлады Д. Ордвей журналистерге кездесу аяқталғаннан кейін.

Оның айтуынша, ол мемлекет басшысына АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дейінгі кезеңнің ынтымақтастық жоспары туралы хатын табыс еткен. «Осы төрағалық табысты болуы үшін біз Қазақстанмен және осы Ұйымның басқа да мүшелерімен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, — деді Д.Ордвей журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті