Қазақстан Республикасының президенті жерді өз еркімен басып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының президенті жерді өз еркімен басып алғаны үшін  қылмыстық жауапкершілік  енгізу қажет деп санайды

Қазақстан Республикасының президенті жерді өз еркімен басып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп санайды

Астана. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті жерді өз еркімен басып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қараша 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Ешкімнің өз еркімен жерді басып алуға құқығы болмауға тиіс — ол үшін заңда қатаң қылмыстық жаза қарастыру керек»,- деп атап көрсетті президент. «Жер телімдерін тәркілеудің барлық процедуралары айқын және қоғам бақылауында болып, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік бермеу үшін олар заңмен реттелуі керек»,- деді Н. Назарбаев.

Ол сондай-ақ, «жерді тәркілеуде тәртіп орнату қажет», деп атап өтті. «Осы мәселелерді бақылаудың механизмдерін әзірлеу керек»,- деп атап көрсетті президент.

«Мемлекеттік қажеттілікпен жаппай бүркемеленіп, жер учаскелері босатылып жатыр, онда кейіннен аса қымбат тұратын элиталық тұрғын үйлер, сауда үйлері немесе кеңселер бой көтеруде»,- деді ол. «Әрине, құрылыс салу керек, мұнымен ешкім дауласпайды, бірақ мұны заң аясында іске асыру керек»,- деп атап көрсетті елбасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті