Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі дүниежүзілік 28-ші "World Travel Market-2007" туристік биржасына қатысып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі дүниежүзілік 28-ші "World Travel Market-2007" туристік биржасына қатысып қайтты

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі дүниежүзілік 28-ші "World Travel Market-2007" туристік биржасына қатысып қайтты

Астана. 16-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Министр Темірхан Досмұхамбетовтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің делегациясы қарашаның 12 мен 15 аралығында Лондонда өткен дүниежүзілік 28-ші "World Travel Market-2007" туристік биржасына қатысып қайтты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2007
  • 514
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан «World Travel Market-2007» көрмесіне жетінші рет қатысып отыр. «Келіп кетушілердің назарына біздің еліміздің ең табиғи бояуы қанық жерлері көрсетілген ақпараттық стенд, мультимедиялық таныстырылым және ағылшын тілінде жарнамалық буклеттер ұсынылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Т. Досмұхамбетовтың айтуынша, Қазақстанның туристік мүмкіншілігін туризм индустриясы дамыған елдерден кем түспейтіндей көрсету үшін Қазақстан экспозициясының аталмыш шарадағы көлемін ұлғайтатын кез келіп жетті».

«Біз Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетуіміз керек және Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру стратегиясын жоспарлы түрде жүзеге асыруымыз қажет. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, ал, қажетті жағдай қалыптасқан: экономикалық өсім, саяси тұрақтылық және қауіпсіздік», — деп хабарламада министр сөзін келтірген.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Т. Досмұхамбетов туристік биржаның қарапайым қонақтарымен, батыс тілшілерімен, Иорданияның, Малайзияның туризм министрлерімен, сондай-ақ, дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Франческо Франджалимен бірқатар кездесулер өткізген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті