Қазақстан сауда саясатын дамыту орталығы мен Германияның техникалық ынтымақтастық қоғамы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сауда саясатын дамыту орталығы мен Германияның  техникалық ынтымақтастық қоғамы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады

Қазақстан сауда саясатын дамыту орталығы мен Германияның техникалық ынтымақтастық қоғамы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады

Астана. 25-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінде Германияның техникалық ынтымақтастық қоғамы (GTZ) мен ҚР Индустрия және сауда министрлігі жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ өкілдерінің кездесуі болып өтті, деп ҚР Индустрия және сауда министрлігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі хабарлайды.

  • 25 Қыркүйек 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, келіссөздерге орталық президенті Ысқақов Жәнібек, орталық вице-президенті Сұлтанов Руслан, орталық президентінің кеңесшісі Нұршайықова Алма, сонымен қатар, GTZ өкілдері — Сирил Лиин мен Райнер Энгельс қатысқан.

«Тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша орталық пен GTZ ықпалдастықтарының мүмкіндіктерін қарастырды», — деп көрсетілген хабарлама мәтінінде.

Сондай-ақ, кездесу барысында саудада әкімшілік және техникалық кедергілерді қысқартуға бағытталған «Орта Азия елдеріндегі аймақтық экономикалық ынтымақтастық» деп аталатын бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері талқыланған. «Аталмыш жоба қазірдің өзінде Қырғызстан мен Тәжікстанда белсенді түрде жүзеге асырылуда», — деп атап өтті баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті