Қазақстан секілді үлкен мемлекеттерде парламент депутаттарының саяси кастаға айналу қаупі бар - Нидерланды өкілдер палатасының бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан секілді үлкен мемлекеттерде парламент депутаттарының саяси кастаға айналу қаупі бар - Нидерланды өкілдер палатасының бас хатшысы

Қазақстан секілді үлкен мемлекеттерде парламент депутаттарының саяси кастаға айналу қаупі бар - Нидерланды өкілдер палатасының бас хатшысы

"Ресей, Қазақстан және Өзбекстан секілді аумағы үлкен мемлекеттерде парламент депутаттарының саяси кастаға айналу қаупі бар". Мұндай пікірмен бүгін, 8-маусымда Алматыдағы Трансазиялық парламенттік форумда сөз сөйлеген Нидерланды өкілдер палатасының бас хатшысы Виллем Хендрик де Боф мырза бөлісті.

  • 8 Маусым 2003
  • 1137
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, парламент депутаттары қоғамдағы тауқыметтерді жеттік біліп, уақыттың басым бөлігін өз сайлаушыларымен және басқа да әртүрлі мүдделі лоббистік топ өкілдерімен кездесулерге арнауға тиіс. Сонымен бірге өз отбасын да естен шығармай, қоғамдық іс шаралармен көбірек айналысуы қажет. Виллем Хендрик де Бофтың пікірінше, бұл- парламентарийлердің қоғам тауқыметімен кеңінен танысуына жол ашады.

Нидерланды парламентінде депутаттар арасында уақыттың басым бөлігін жұмыс орнында өткізу көрінісі белең алып бара жатқан көрінеді , мәселен бүгінде бұл көрсеткіш жыл бойына 130 тәулікті құрайды екен. «Алайда ел ауқымының кішкентайлығынан Голландия парламентарийлері өз үйінде тұрады. Ал үлкен мемлекеттерде халық қалаулылары уақыттың басым бөлігін қайнаған қоғам өмірінен тыс жерде, астанада өткізеді»,- деді бас хатшы.
Сонымен бірге, Виллем Хендрик де Бофтың пікірінше, Ресей, Қазақстан және Өзбекстан секілді мемлекеттерде мүндай қауіп тіптен күшті. Өйткені, «мүндай елдерде парламент депутаттары саяси мансапты өмірдің жалғыз мәні деп санайды».
Осы орайда Виллем Хендрик де Боф Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилльдің билік міндетті түрде жемқорлыққа жетелейді деген сөзін еске салды. Алайда Нидерланды парламентарийі жемқорлыққа тек материалдық тұрғыдан ғана қарастырмауға шақырады. «Мен бұл жерде жемқорлыққа саяси карьера аяқталғаннан кейін саясаткер бұрынғыдан бай болып шығатын материалдық тұрғыдан емес, адам өз балаларымен ойнаудан, немесе ана-анасына хабарласып, жолдас-жораларымен бірге көңіл көтеруден бұрынғыдай ләззат ала алмайтындай күйге түсіретін материалдық емес жемқорлық сипатында қарастырамын»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар