Қазақстан Шекара қызметінің экс жетекшісі Жоламанов сотта соңғы сөзінде өзіне жала жабылғандығын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Шекара қызметінің экс жетекшісі Жоламанов сотта соңғы сөзінде өзіне жала жабылғандығын мәлімдеді

Қазақстан Шекара қызметінің экс жетекшісі Жоламанов сотта соңғы сөзінде өзіне жала жабылғандығын мәлімдеді

 Пара алды, деп айып тағылған Қазақстан Шекара қызметінің экс жетекшісі Нұрлан Жоламанов жұмада сотта соңғы сөзін айтты.

  • 27 Ақпан 2015
  • 414
Фото - Caravan.kz

"Мен кінәлі емеспін. Қылмыс жасаған жоқпын. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрған жоқпын, пара алған жоқпын”, деді ол сотта.
Оның айтуынша, қызмет кезінде ол елбасының тапсырмасын орындау үшін барлық заңды және жүйелі шараларды қабылдаған.
"Тағы да атап өткім келеді, мен әскери адаммын, армияда 17 жасымнан бері қызмет етудемін. Мен әскери адам ретінде тәрбиелендім. Бүгін маған жала жабылды. Бірақ мен еліме және Отаныма қызмет еткен адам ретінде қаламын”, деді ол.
Н.Жоламанов 2014 жылдың қазан айының соңында Ақмола гарнизоны әскери сотының санкциясы бойынша қамауға алынған болатын.
Оған пара алғандығы туралы 13 эпизод бойынша айып тағылған.
Алдында мемлекеттік айыптаушы Н.Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айырып, мүлігін  тәркілеуді сұраған болатын.