Тараз шекарашылары отрядының «Сыпатай батыр» заставасының шекарашылары Қырғызстан азаматын ұстады. «Ол Қырғызстаннан 10 тонна бидай тиелген «КамАЗбен» келе жатқан. Контрабандашы шекарадан заңсыз өтпек болған. Қазір тергеу жүргізілуде», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, 18 ақпанда «Қайнар» заставасының шекарашылары Қырғызстаннан шекара өткелегін айналып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады. Көліктің кузовынан шекарашылар 15 тонна контрабандалық қырыққабат тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті