«Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып сөзсіз қала береді. Бүгінде біз Қазақстанмен қарым-қатынаста расында да жоғары табысқа қол жеткіздік», — деді К. Бисоньеро.
«Мен Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы қарым-қатынастың оң қарқынмен және айтарлықтай серпінді нығайып келе жатқанын қанағаттана атап өткім келеді», -деді өз кезегінде Д. Ахметов. «Альянспен, Еуропа елдерімен және АҚШ-пен арадағы конструктивті ықпалдастықты кеңейту — Қазақстанның сыртқы саяси бағыт-бағдарының басым бағыттарының бірі екенін айта кету керек», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті