Қазақстан Солтүстік Кипрді оқшаулау шарасын алып тастауды қолдайды- ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Солтүстік Кипрді оқшаулау шарасын алып тастауды қолдайды- ҚР үкімет басшысы

Қазақстан Солтүстік Кипрді оқшаулау шарасын алып тастауды қолдайды- ҚР үкімет басшысы

Қазақстан Солтүстік Кипрді оқшаулау шарасын алып тастауды қолдайды. Бұл туралы бүгін, 26-мамырда Астанада Түркия үкімет басшысы Реджеп Эрдоганмен келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2005
  • 593
Фото - Caravan.kz

«Біз Солтүстік Кипрде бейбітшілік, тұрақтылық пен достықтың орнығуын қолдаймыз»,- деді ол. «Біз Солтүстік Кипр мен жалпы Кипр аумағында экономикалық өсім мен ілгерілеушілік белең алғанын қалаймыз»,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысының пікірінше, «Солтүстік Кипрде ауқымды түрік жамағаты тұратындықтан, өзара мәдени және тарихи байланыстарды нығайту қажет».