Қазақстан тарихы емес, Қазақ тарихы деген дұрыс - Сапар Ысқақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тарихы емес, Қазақ тарихы деген дұрыс - Сапар Ысқақ

Қазақстан тарихы емес, Қазақ тарихы деген дұрыс - Сапар Ысқақ

Қоғам қайраткерінің пікірінше, оқулықты Қазақстан тарихы деп атау үшін онда Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тарихы қамтылу керек. Ал қазіргі оқулық қазақ тарихының өзін дұрыс түсіндіре алмайды.

"Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихымызға ерекше көңіл бөліп отыр. Біз ендігі жерде өз тарихымызды мектеп жасындағы балаларымыздан бастап дұрыс оқытуымыз керек. Мен бірнеше сыныптардың Қазақстан тарихы оқулығын оқып шықтым. Түрік қағанаты туралы мағұлмат тым аз, жо?

  • 15 Қаңтар 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

"Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихымызға ерекше көңіл бөліп отыр. Біз ендігі жерде өз тарихымызды мектеп жасындағы балаларымыздан бастап дұрыс оқытуымыз керек. Мен бірнеше сыныптардың Қазақстан тарихы оқулығын оқып шықтым. Түрік қағанаты туралы мағұлмат тым аз, жоқтың қасы деп айтуға болады. Тоныкөк, Дешті қыпшақ туралы да сондай. Сонда бұл қандай тарих", — дейді Сапар Ысқақ.

Сондай-ақ Сапар Ысқақ қазақ тіліндегі оқулық пен орыс тіліндегі оқулықтың да арасында айырмашылық бар екендігін айтты.

"Мен мектепте оқытылып жүрген Қазақстан тарихы оқулықтарын қарап шықтым. Бір байқағаным қазақ тіліндегі оқулықта тарихты үстірт, өте аз деректермен берген. Ал орыс тіліндегі деректер қазақ тіліндегіге қарағанда көбірек берілген", — деді қоғам қайраткері.


Ол сонымен қатар Дүние жүзі тарихы оқулығанда да қазаққа қатысты маңызды тарихы деректердің жазылмағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар