Қазақстан тарихындағы ең жас депутат: 25 жасар жігіт мәжіліс депутаты атанбақ
![]() |
Алматы қалалық Jas Otan ЖҚ-ның жетекшісі, қоғам белсендісі Мәди Ахметов 25 жасында мәжіліс депутаты атанбақ. Ол депутаттыққа тағайындалса, Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мәди Ахметов осы уақытқа дейін праймеризге де қатысты, пандемия кезінде қайырымдылық істермен айналысқан болатын.
Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанғалы отырған Мәди Ахметов 23 жасында деканның орынбасары болып, ал былтыр праймеризде партияшылық сайлау кезінде ең көп дауыс жинағандардың бірі болды.
Қоғам белсендісінің бұл жетістігі қазіргі таңда әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін