Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылдығын атап өтіп жатыр - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылдығын атап өтіп жатыр

Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылдығын атап өтіп жатыр

Ұлттық мерекеге орай қазақстандықтар биыл төрт күн демалады

  • 16 Желтоқсан 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

 Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні – еліміздегі басты ұлттық мереке. Ұлттық мерекенің қашанда орны бөлек. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар, салтанатты жиындар ұйымдастырылып, кешке қарай мерекелік отшашумен қорытындыланады.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да бар еді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Бір қызығы, Қазақстан одақ құрамындағы елдер арасында мемлекеттік егемендігін ең соңғы болып жариялады.

Бұл күн мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17 желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып белгіленген. Биыл мереке күндерінің бірі жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен, қазақстандықтар сейсенбі, 18 желтоқсан күні де демалады. Осылайша мерекеге орай төрт күн демалыс беріліп отыр.


 

Соңғы жаңалықтар