"Қазақстан темір жолы" темір жолды жөнделген қалпында сақтап отырған жоқ - ҚР Бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан темір жолы" темір жолды жөнделген қалпында сақтап отырған жоқ - ҚР Бас прокуратурасы

"Қазақстан темір жолы" темір жолды жөнделген қалпында сақтап отырған жоқ - ҚР Бас прокуратурасы

Астана. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" компаниясы және оның құрылымдық бөлімшелері темір жолды жөнделген қалпында сақтау заңының талаптарын орындамай отыр. Бұл туралы кеше брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Шiлде 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, прокурорлық тексеру нәтижесінде жылдам жүйткитін «Астана — Анар» бөлімінде 35 шақырым бойы қауіптіліктің 4 сатысымен жіктелетін жолдардың шөгіп кеткені, қисайғаны, ауытқығаны анықталған. «Осыған байланысты «Тұлпар» 1-2 пойызының қозғалысы іске асырылып жатқан 8 жылдам бөлімде қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырымға дейін шектелді», — деп атап көрсетті С. Нұрпейісов.

«Бұған ықпал етіп отырған негізгі себеп Министрлік пен Қазақстан темір жолының ревизорлық аппарат жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы. Осының салдарынан темір жол көлігінің жұмысшылары өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқармай отыр», — деп сөзін түйді С. Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті