"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның тариф саясаты өзгертілетін болады - "Самұрық" басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның тариф саясаты өзгертілетін болады - "Самұрық" басшысы

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның тариф саясаты өзгертілетін болады - "Самұрық" басшысы

Астана. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тариф саясатын өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде 28 қыркүйек күні өткен "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша мәжілістің жұмыс тобының отырысындағы баяндамасында "Самұрық" холдингі» АҚ-ның басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

  • 1 Қазан 2007
  • 711
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан темір жолындағы тариф әдістемесін түбегейлі өзгерту қажет», — деді Қанат Бозымбаев.

Ол компанияда жай ғана құрамдас төрт бөлікке: локомотивтік, магистральдық теміржол желісі, жүк және жолаушылар тасымалы деп бөле салған кеңестіктің, ескі әдістеменің сақталып қалғанын жеткізді. Сонымен қатар, оның пайымдауынша, осы құрамдас бөліктердің әрқайсысы бойынша тарифті анықтайтын дербес әдістеме жасау керек және бұл тарифтер міндетті түрде инвестициялық құраманың элементін иеленуі шарт.

Осылайша, «Қазақстан темір жолы» өзінің жүк тасымалында жүктерді шығын көре отырып, тасымалдайтын болады», — деп мәлімдеді «Самұрық» басшысы.

«Мысалы, бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» көмірді 40 пайыз шығынмен тасымалдайды. Әрине, әлеуметтік жүк болса, түсінуге болады. Алайда, біз ресей энергетиктері тұтыну үшін 20 млн тонна тасымалдаймыз, мұны біз не үшін субсидиялайтынымыз түсініксіз», — деп санайды ол.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев, 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» бүкіл негізгі өндірістік көрсеткіштерді 4,5 пайызға өсіруді және 2007 жылмен салыстырғанда қорытынды табыс көлемін 17 пайызға өсіруді жоспарлап отырғандықтарын жеткізді.

«2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда нақты табыс 3,5 млрд теңгеге аз. Себебі, компания магистральдық темір жол желісін және инфрақұрылым обьектілерін жөндеу жұмыстарының көлемін 13 млрд теңгеге арттырған. 2008 жылы жөндеу жұмыстарының көлемі азаймайды. Өйткені, бұл бүгінгі күнде компанияның 70 % ескірген негізгі қорын жаңарту үшін аса маңызды», — деп түсіндірді ол.

«Пайданы 22 млрд теңгеге дейін өсіруді негізінен жүк тасымалын ұлғайту есебінен, сондай-ақ, тариф әдістемесін өзгерту арқылы қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Қанат Бозымбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті