Қазақстан ТМД Экономикалық кеңесінің алпысыншы отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ТМД Экономикалық кеңесінің алпысыншы отырысына қатысады

Қазақстан ТМД Экономикалық кеңесінің алпысыншы отырысына қатысады

Қазақстан ТМД Экономикалық кеңесінің алпысыншы отырысына қатысады. Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz


«12-13-желтоқсанда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Экономикалық кеңесінің 60-шы отырысы өтеді. Оған Қазақстан да қатысады», — деді ол дүйсенбідегі брифингте.

Отырыста ТМД салалық ынтымақтастық органдарының қызметіне қатысты мәселелерді қарап, құбыр арқылы транзиттік тасымалдау туралы келісім жобасын әзірлеу барысымен таныспақ. Сонымен қатар, Достастық үшін маңызды міндеттерді ортаға салады.