Қазақстан тумасы Израильде «Жыл адамы» атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тумасы Израильде «Жыл адамы» атанды

Қазақстан тумасы Израильде «Жыл адамы» атанды

Қарағандыда туып-өскен Дмитрий Абраменко Израильде «Жыл адамы» атанды, деп жазды ҚазАқпарат. Жыл сайын Кармиэль қаласында

  • 17 Ақпан 2017
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда туып-өскен Дмитрий Абраменко Израильде «Жыл адамы» атанды, деп жазды ҚазАқпарат.

Жыл сайын Кармиэль қаласында (Израильдің коммерциялық, мәдени және индустриялық орталығы) үздік ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, спорт және саясат өкілдеріне «Жыл адамы» сыйлығы беріледі.

Бұл беделді сыйлықтың 2016 жылғы жүлдесін қазылар алқасы бұрынғы қарағандылық, қазіргі Кармиэль тұрғыны Дмитрий Абраменкоға беруді бір ауыздан ұйғарған. Дмитрий Испанияда ардагерлер арасында өткен үстел теннисінен әлем чемпионатында англиялық Лорестас Трумпаукаспен жұптық разрядта алтын медаль иеленді. Сыйлықты Дмитрийге қала мэрі Рина Гринберг табыстады.

Абраменко — КСРО спорт шебері, жеке есепте КСРО чемпионатының қола жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы 1983 жылғы Еуропа чемпионатында командалық есепте қола жүлдеге ие болған. Жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 


 

Соңғы жаңалықтар