Жарияланды: 490

Қазақстан туралы араб тілінде алғаш рет веб-сайт ашылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі жаңа www.kazembsaudi.com интернет-порталын ашты.

Сайт араб тілді пайдаланушыларға арналған. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады. Араб мемлекеттері ауқымды оқырмандар аудиториясына ие. Қазіргі таңда 22 араб мемлекетінде 346 миллион адам тұрады. Қазақстанның араб елдерімен ынтымақтастығының артуына байланысты, біздің еліміз туралы нақты және кең ақпараттарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Интернет-порталды пайдаланушылар Қазақстанның саяси жүйесімен, экономикалық және инвестициялық әлеуетімен, мәдени-әлеуметтік дамуымен, сондай-ақ еліміздің туристік мүмкіндіктерімен таныса алады. Сонымен қатар, сайтқа Елшіліктің атсалысуымен араб тілінде жарық көрген Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол», «Ғаламдық қоғамдастықты ‎түбегейлі ‎жаңарту ‎‎стратегиясы және өркениеттер ‎серіктестігі», «Еуропадағы қауіпсіздік пен қауіпсіздік ұйымының ‎тағдыры мен ‎болашағы», «Дағдарыстан шығу ‎кілті» мен «Бесінші жол» сияқты кітаптары мен мақалалары, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдаулары орналастырылған. Сондай-ақ, Елшіліктің араб тілінде шығарған «Қазақстан - көпұлтты ел», «Экономикалық дамудың қазақстандық моделі», «Қазақстан фактілер мен ‎сандарда», «Нұрсұлтан Назарбаев - ұлтаралық және ‎дінаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің ‎негізін қалаушы», «Жаңа әлемдегі Қазақстан» және «Киіз үй - көшпенді ‎қазақтардың үйі» кітаптарының электрондық нұсқалары орын алды.‎ Аталмыш шара үстіміздегі жылғы маусымда Астанада өтетін 7-ші Дүниежүзілік исламдық экономикалық форум мен Ислам Конференциясы ‎Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясына орайластырылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть