Қазақстан Түркі кеңесінің Хатшылығына 800 мың доллар шамасында қаржы құяды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Түркі кеңесінің Хатшылығына 800 мың доллар шамасында қаржы құяды

Қазақстан Түркі кеңесінің Хатшылығына 800 мың доллар шамасында қаржы құяды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Аталған келісім 2012 жылы Бішкек қаласында жасалды. Келісімде Хатшылықтың бюджетін қаржыландыру көздері, оны қалыптастыру және атқару тәртібі айқындалады.

«Келісімді қабылдау Түркі кеңесінің нормативтік-құқықтық негізін құру үдерісін аяқтауға жақындатады. Келісім Хатшылықтың бюджетін қаржыландыру көздерін, оларды қалыптастыру мен атқару тәртібін айқындап, қызметінің негізгі қаржылық қырларын реттейді. Кірістер негізінен мүше мемлекеттердің міндетті жарналарынан құралады. Ал мүше мемлекеттердің міндетті жарналар шәкілі мынадай мөлшерде белгіленген: Әзербайжан Республикасы — 2/15; Қазақстан Республикасы — 4/15; Қырғыз Республикасы — 1/15; Түркия Республикасы — 8/15», — деді СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, қаражаттар негізінен Түркі Кеңесі шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге жұмсалады. Әрбір тараптың міндетті жарналарының нақты сомасы бюджетте көрсетілуі тиіс.


Тоқтала кететін жайт, ақша қаражатына шаққанда Түркі Кеңесінің бюджеті 2014 жылға 3 млн. 40 мың долларды құрайды.
«Оның ішінде Қазақстанның үлесі шамамен 810 мың доллардан асады», -дейді Е. Ашықбаев.