Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларын Түркияға көмек көрсетуге жібереді. Қазір біз Алматыға, сол жерден Түркияға ұшамыз.
ТЖ министрлігінің негізгі құрамын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құрайды, олардың көпшілігі халықаралық сыныпқа ие. Сондай-ақ 41 адамнан тұратын денсаулық сақтау мамандары мен оқытылған қызметтік иттер барады.
Біз өзімізбен бірге арнайы жабдықтар, авариялық-құтқару машиналары мен құралдарын, медициналық жабдықтар, шатырлар алып барамыз. Жақын арада біз Түркия Республикасына келеміз", — деді бірінші вице-министр.