Жарияланды: 420

Қазақстан үкімет басшысы 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің көрсеткіштерін прагматикалық әрі айқын деп санайды

Қазақстан үкімет басшысы 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің көрсеткіштерін прагматикалық әрі айқын деп санайды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің көрсеткіштерінде әлемдік мұнай бағасының бір баррелін 60 долларға бағалауды "прагматикалық әрі айқын" деп санайды. Бүгін үкіметте өткен отырыста ол ойындай пікір айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мұнайдың нарықтағы бағасы біз болжағандай қазірден-ақ төмендеді, бүгін таңертең меніңше бір барреліне 92 доллар болды ғой деймін", -деді Кәрім Мәсімов. "Яғни, үш жылдық бюджетке біз енгізген параметрлер, атап айтсақ, мұнай бағасын бір барреліне 60 доллар болады деп жорамалдау консервативтік көзқарас секілді көрінгенімен, қазіргі баға біздің бюджетті қалыптастыруға прагматикалық әрі айқындық тұрғысынан қарағанымызды паш етеді", - деді ол. "Біз қандай жағдайға да дайынбыз, және қазір әлемді сілкіндіріп отырған қандай да сыртқы қатерлер біздің экономикамызға салқынын тигізбейді, немесе ең ары кетсе, біз қандай жағдайдан да аз шығынмен шыға аламыз", -деген сенім білдірді премьер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін