«Мен ұсынысты қолдаймын, дизельдік отын экспортына салынған тыйымның мерзімін ұзарту туралы қаулының жобасын енгізіңіздір», — деді ол.
Премьер-министр бұған қоса астық экспортына салынған тыйымның алыну мүмкіндігін атап өтті. «Егер мен ішкі нарық зардап шекпейді дегенге сенімді болсам, облыстарда қор жеткілікті болса, онда біз астық экспортына салынған тыйымды алу туралы шешім қабылдаймыз. Егер біз ондай кепілдік ала алмасақ, онда тыйым да алынбайды», -деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті