Жарияланды: 420

Қазақстан үкімет басшысы ҚазМұнайГаздың жаңа президентіне Қашаған бойынша келіссөздерді аяқтауды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы ҚазМұнайГаздың жаңа президентіне Қашаған бойынша келіссөздерді аяқтауды тапсырды

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның жаңа басшысы Қайыргелді Қабылдинге Қашаған кеніші бойынша келіссөздерді 25 қазанға дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге үкімет басшысы ҚазМұнайГаздың жаңа президентіне "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ акцияларының 51% сатып алуды аяқтауды, "Қазақстанның жаңа Салық кодексі қабылданар алдында компанияның одан әрі даму" стратегиясы мен принциптерін қайта қарауды және ішкі нарықта жанар-жағармай бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. "Біз нарықтық экономикалы елміз, және нарықтағы өз үлесімізді нарықтық принциптермен жаулап алу арқылы ел аумағын түгел жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіспіз. Бұл бізге тек жанар-жағармай қамтамасыз етуге ғана емес, баға саясатының да қол жетімділігіне мүмкіндік беруге тиіс", -деді Кәрім Мәсімов. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ-ның директорлар кеңесі Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдинді ҚазМұнайГаз ҰК президенті қызметіне сайлауға шешім қабылдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть