Жарияланды: 750

Қазақстан үкіметі ана мен баланы қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді

Қазақстан үкіметі денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жаңартуларды одан әрі өрістетумен бірге ана мен баланы қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэрол Белламиді Астанада қабылдау барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Д.Ахметов елімізде ана мен баланы қорғау мәселесіне мейлінше назар аударылатынын, осы саладағы ахуалды жақсарту- мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі екенін атап көрсетті. "Елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар ана мен баланы қорғау саласындағы тауқыметтерді шешуге жол ашады дегенге сенуге мүмкіндік береді. Өйткені, дені сау әрі білімді жас ұрпақ- мемлекеттің болашағы ",- деді үкімет басшысы. Өз кезегінде Кэрол Беллами бала құқығын қорғау саласындағы БҰҰ актілері мен конвенцияларына сәйкес жүктеп алған міндеттемелерін Қазақстанның бұлжытпай орындап отырғанан жоғары бағалады. Ол Д.Ахметовқа ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы іс-қызмет аясын кеңейтуге деген құлшынысы туралы ақпаратты жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін