«Қазақстан үкіметі әдеттегідей шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты бұрын негізі қаланған тиімді әрі түсінікті өзара пайдалы ынтымақтастық формуласының негізінде құрмақ ниетте», — деді К. Мәсімов «KazEnergy» ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөйлеген сөзінде.
«Оның басты принципі — кеніштерді, пайдалы қазбаларды, бірінші кезекте мұнай мен газ кеніштерін игеруге пайдалы әрі шектеусіз атсалысуға мүмкіндік беру , инвестициялар, озық технологиялар, озық тәжірибе мен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік беру болып табылады», -деді премьер.
Сонымен қоса республика үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан «энергетикалық саясаттың ашықтығына бағынуды маңызды деп санайды». «Сол себепті біз Ұлыбритания үкіметінің энергетикалық индустрияның ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға біріктік», — деді К. Мәсімов. Осыған байланысты ол Қазақстанның барлық мұнайгаз компанияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті