«Биылғы жыл тыныш болатын сыңай байқалғандықтан, мен экономикалық блок пен нақты сектор министрліктеріне және әкімдерге болып жатқан құбылыстарға қатаң мониторинг жүргізуді тапсырдым, осындай жағдайда ғана біз оқиғаның алдын алуға жұмыс істейтін боламыз», -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.
Ол өткен жылы еліміздің экономикасы «бірінші кезекте азық-түлік пен отынның әлемдік бағасының өсуіне байланысты инфляцияның импортталу құбылысымен бетпе-бет келгенін» атап өтті. «Жалпы алғанда, бірқатар жедел әрі ықпалды шараларды қолдану арқылы үкімет инфляциялық ахуалды тұрақтандыра алды», -деді үкімет басшысы.
Ол азық-түлік өнімдерінің бағасының өсімі күн сайынғы қатаң бақылауға алынып, көмір мен жанар-жағармай құнына күнделікті мониторинг жүргізетін жедел топтар құрылғанын, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызмет түрлерін негізгі өндірушілерімен меморандумдарға қол қойылғанын, кейбір азық-түлік өнімдерін елден алып шығуға уақытша шектеулер енгізілгенін, ал импорттық баж салықтарының анағұрлым төмендетілгенін атап өтті.
«Мемлекеттік азық-түлік қоры құрылды, осы тектес ахуал туындаған жағдайда мемлекет ішкі наоыққа интервенциялар жасайды», -деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Дегенмен Кәрім Мәсімов «өткен күздегі оқиғалардың елімізде бәсекелістіктің дамымағанын, бұны әсіресе азық-түлік нарығы айқын паш еткенін» мойындады.
«Инфляцияны төмендетудің жүйелі факторы ретінде бәсекелестікті дамыту үшін бәсекелістікті қорғау жөніндегі жаңа агенттік құрылды. «Бәсекелестікті қорғау жөніндегі» жаңа заңның жобасы жасалатын болады, бағаны ымыраласып белгілеумен күрес күшейтіледі», деп сендірді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті