Қазақстан үкіметі кеден ісі мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі кеден ісі мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Қазақстан үкіметі кеден ісі мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі кеден ісі мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін үкіметте өткен отырыста мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлікпен өткізу бекеттерінде интеграциялық бақылау жүйесі қолданысқа енгізіледі.

«Өткізу бекеттерінде интеграциялыұқ бақылауды енгізу жоспарлануда, нәтижесінде өткізу бекеттерінде екі мемлекеттік орган ғана болады: шекара қызметі және кеден органдары. Осы орайда кеден органдарының функциясына мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлері қамтылады: санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық және транспорттық»,- деді ол.

«Бұл қадамдар өткізу бекеттеріндегі мемлекеттік бақылау формаларын оңтайландыруға, көліктердің негізсіз қаңтарылып тұруын жоюға, мемлекеттік органдар жүзеге асыратын процедуралардан өтуді жеделдетуге мүмкіндік береді», — деді қаржы министрі.

«Мұндай бақылауды енгізу халықаралық стандарттарға сай келеді және ДСҰ да оны нұсқап отыр», — деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар