Қазақстан үкіметі халықаралық нарықтармен және рейтингтік агенттіктермен ақпараттық ықпалдастықты күшейтпекші (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі халықаралық нарықтармен және рейтингтік агенттіктермен ақпараттық ықпалдастықты күшейтпекші (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан үкіметі халықаралық нарықтармен және рейтингтік агенттіктермен ақпараттық ықпалдастықты күшейтпекші (толықтырылған нұсқа)

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі халықаралық нарықтармен және рейтингтік агенттіктермен ақпараттық ықпалдастықты күшейтпекші. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

  • 16 Қазан 2007
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі іс-шараларының жоспарындағы екінші құрал нарық субьектілерінің іс-қызметіне мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиімді ықпалдастығын қамтамасыз етуге, соңғыларының шешім қабылдау жауапкершілігін көтеруге, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің халықаралық нарықтармен және рейтингтік агенттіктермен ақпараттық ықпалдастығын күшейтуге бағытталған»,- деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, қаржы секторныың ахуалы мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуға мониторинг жүргізу тәртіптерін жетілдіру көзделген. «Осындай мониторинг жүргізу үшін қосымша индикаторлардың тізімін айқындау, сондай-ақ, дағдарысты ахуалдарға терте бастан жауап беру жүйесін құру жоспарланған» — деді министр.

Сонымен бірге, оның пікірінше, «болуы мүмкін осындай оқиғаларды болжауды жетілдіре түсу, соның ішінде, сан алуан шартты сценарийлер бойынша стресс-тесілеу шараларын ұдайы өткізіп отыру» қажет.

«Мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың ықпалдастығын күшейту үшін елімізде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ықпалдастық мәселелерін регламенттейтін меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады», — деді министр.

«Еліміздің әлемдік нарықта дұрыс позиция иемденуіне және дұрыс бағалануына бағытталған саясатты одан әрі жүзеге асыру үшін халықаралық рейтингтік агенттіктер мен басқа да халықаралық институттарға дер кезінде әрі обьективті ақпарат беру мақсатында олармен ықпалдастық орнату жұмыстары күшейтіледі» ,- деді Б. Сұлтанов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, қаржы нарығы субьектілерінің өз шығарған шешімдері үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейте түсу үшін заңнамалық талаптарды күшейту көзделуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан -2030» стратегиясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған халықаралық конференцияның жалпы отырысының аяқталуына орай баспасөз сұрақтарына жауап беруге шыққан президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық банктерді халықаралық институттармен және рейтингтік агенттіктермен ақпараттық ықпалдастық орнатпағаны үшін қатаң сынаған болатын.

«Дүниежүзі бойынша алғанда еліміздің өсім қарқыны аса жоғары, банк жүйесі тұрақты, бірақ соған қарамастан, рейтингті төмендетіп отыр. Ал біздің банкирлеріміз бен мамандарымыз болса сарапшылармен жұмыс істеуге қарымы жетпей, жағдайдың керісінше екенін, ешбір нашарлаудың болмағанын дәлелдей алмады», — деді ол. «Кеше осы жөнінде сөз қозғалды: біз еліміздегі экономикалық ахуал туралы көбірек айтуға, Қазақстан үшін ешбір қауіп жоқ екенін, біздің банктердің рейтингін төмендетуге нақты негіз жоқтығын талмай айта беруге тиіспіз», — деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті